.RU

А. Е. Сағымбаева, Ж. К. Аккасынова, П. К. Тазабекова

Дата10.05.2017өлшемі66.37 Kb.
ӘОЖ 373.5.026:519.86:004(574)

А.Е.Сағымбаева, Ж.К.Аккасынова, П.К.Тазабекова

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Магистратура және PhD докторантура институты

071410, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25



E-mail:aiya_c@mail.ru
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖАСАУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Қазіргі таңда тестілеу білім беру жүйесінде кеңінен қолданылатын білім алушылардың игерген білім деңгейлерін анықтап және оларды бағалайтын құрал болып табылады. Тестілеу нәтижесінің тест тапсырушылардың шынайы білім деңгейлерін әділ көрсетуі өте маңызды. Бұл білім алушылардың белгілі бір пән немесе оқу курсы бойынша оқу материалын қаншалықты игергендіктерін анықтайды. Тестілеу нәтижесінің неғұрлым объективті болуын қамтамасыз ету үшін тест тапсырмаларының сауатты және мазмұнды жасалуына назар аудару керек.

Сенімділік және нақтылық тест тапсырмаларының ең негізгі сипаттамаларының бірі болып табылады.

Тест тапсырмалар жүйесінен тұрады. Тапсырмалардың сапасы тестің сенімділігін анықтайды.Тест тасырмалары неғұрлым сауатты құрастырылса, тестің сенімділігі де соғұрлым жоғары болады.

Тестің сенімділігі – тестілеуді қайталаудың көмегімен нәтиженің дәлдігі мен тұрақтылығын өлшейтін көрсеткіш [1].

Тест тапсырмаларының сенімділігі тест нәтижесінің сол тест немесе оның эквивалентті нұсқасы бойынша қайта жүргізілетін тестілеу нәтижесіне сәйкестігімен анықталады. Мысалы, дүйсенбіде баланың IQ көрсеткіші 110, ал жұма күні жүргізілген қайта тестілеу кезінде 40 болса, онда екі жағдайдағы да тестілеу нәтижесі сенімді болып табылмайды.

Жоғары сенімділік тест үшін қажет, бірақ бұл жоғары сапалы тест алу үшін жеткіліксіз. Тест сенімді болуымен қатар, нақты болуы керек.



Тестің нақтылығы дегеніміз не? Бұл ұғымның мән-мағынасын түпкілікті түсіну үшін тестолог мамандар берген анықтамаларға жүгінейік (1 сурет).

1 сурет. Тестің нақтылығы ұғымына берілген анықтамалар
Тест тапсырмаларының сенімді, нақты, ал тестілеу нәтижесінің объективті болуы үшін тест тапсырмаларын жасаудың қағидаларын басшылыққа алу керек.

Негізінен, қағида (принцип) (лат. prіncіpіum – принцип; негіз, алғы бастама) – белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Тест тапсырмаларын жасаудың бірнеше қағидалары кездеседі. Олардың әрқайсысы жеке дара қағида болып қарастырылғанымен олар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сенімді, нақты тест тапсырмаларына қол жеткізу үшін тест тапсырмаларын жасау барысында осы қағидалардың барлығын қолдануға тырысу қажет. Тест тапсырмаларын жасауға арналған қағидалардың сан алуан болуы тестологтардың тест тапсырмаларын жасау іс-әрекетіне жан-жақты қарауларына септігін тигізеді. Тест тапсырмаларын жасау қағидаларына тоқталайық.

Тест тапсырмаларының мазмұнының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына (МЖМБС) сәйкестік қағидасы. Бұл тест тапсырмаларын жасаудағы өте маңызды қағидалардың бірі болып табылады. Тест тапсырмаларының мазмұны МЖМБС-да көрсетілген минимум білімді толық қамтуы тиіс.

Мәнділік. Тексерілетін білімнің мәнділігін анықтау қағидасы тест тапсырмаларының мазмұнына маңызды, кілттік, тірек білім элементтерін енгізуді білдіреді. Бұл элементтерсіз білім толық емес сипат алады.

Ғылыми ақиқаттылық. Тест тапсырмаларына оқу материалының тек объективті ақиқат мазмұны ғана кіреді. Ал, нақты емес, ғылымда дау тудыратын мәселелер тест тапсырмаларының мазмұнына кірмейді.

Тест тапсырмалары мазмұнының ғылымның қазіргі заманауи жағдайына сәйкес келуі. Бұл қағида мамандар даярлау және олардың білімін заманауи тұрғыда тексерудің табиғи қажеттілігінен туындайды.

Оқу материалының қиындық деңгейінің артуы. Аталған қағида тест тапсырмаларын құрастыруда ең қарапайымнан бастап, бірте-бірте күрделендіру мәселесіне негізделген.

Мазмұнның жүйелілігі. Яғни, оқу материаланың реттелген, бір-бірімен байланысты элементтерін іріктеу.

Тест мазмұнының кешенділігі. Білімді қорытынды бақылауға арналған тест тек бір тақырып бойынша құрастырылмайды. Оқу курсының барлық болмаса да негізгі тақырыптарын кешенді бейнелейтін тапсырмаларға іздестіру жүргізу керек.

Тест мазмұнының вариативтілігі. Тест тапсырмаларының мазмұны ғылымның дамуына, ғылыми-техникалық прогресске, оқу пәнінің жаңа мазмұнына және жаңа оқулықтарға тәуелді болуы керек. Оқу пәнінің мазмұнының өзгеруімен байланысты тест тапсырушылардың контингентіне, олардың дайындық деңгейіне, білімділігіне және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес тест тапсырмалары да өзгеруі тиіс.

Толықтылық қағидасы. Аталған қағида бойынша тестологтар тест тапсырмаларын жасау барысында тест тапсырмаларының тест тапсырушылардың білім, біліктілік, дағды деңгейінің толық тексерілуін қамтамасыз етулері қажет.

Білімді бақылау төмендегілерді қамтуы тиіс:

- зерттелініп отырған тақырып бойынша ғылыми және өзге де мәселелер туралы білім;

- фактілердің айырмашылықтары мен себептерін білу;

- тақырып бойынша іргелі түсініктерді және олардың анықтамаларын білу; түсініктердің көлемі мен мазмұны туралы ойы және оларды тәжірибеде қолдана алу;

- заңдылықтар мен заңдарды, олардың қалыптасуы, пайда болу шарты және оларды қолдану шеберлігі туралы негізгі білімдерді білу;

- теорияны, оларды құрастыруға негіз болған тәжірибелі факторларды, негізгі ережелерді, теңдіктерді, шешімдерді, дәлелдерді, тәжірибелік қосымшаларды білу.

Біліктілікті бақылау қамтуы тиіс:

- фактілерді басқаруды: олардың себептері мен өзара байланысын орнату;

- мәселені игеруді: тақырып бойынша мәселені қалыптастыру, мәселені шешудің мүмкін жолдарын іздестіру біліктілігі;

- түсініктерді игеруді: түсініктердің анықтамасын білуі, олардың көлемін ашу, объектілердің сандық құрамының мінездемесі, олардың жіктелінуі, өзара байланысы, түсініктерді тәжірибелік қолдану;

- ережелерді игеруді: заңдылықтар мен заңдарды: білу, қалыптастыру, мазмұнын ашу, қолданумен байланысты қозғалысты ашу;

- теорияны игеруді: теорияны құрастыруға қажетті тәжірибелік фактілерді іздестіру, теорияның мазмұнын ашу.

Дағдыны тексеру төмендегілерді қамтуы тиіс:

- біліктілік құрылымындағы нақты іс-әрекеттерді орындау операциясының алгоритмін құру және жүзеге асыру;

- біліктілікті құрайтын тәжірибелік іс-әрекеттерді орындауды модельдеу;

- біліктілікті құрайтын іс-әрекеттер кешенінің орындалуы;

- іскерлік мақсатқа сәйкес іс-әрекеттердің орындалу нәтижесіне өзіндік талдау.



Мазмұн мен форманың өзара байланысы. Тест тапсырмасы оның мазмұны ойластырылып жатқан кезден бастап-ақ белгілі бір формаға сәйкестене бастайды.

Атақты ресейлік ғалым В.С.Аванесов [2]: «Тест тапсырмаларының формасы – тест мазмұнын ұйымдастыру, реттеу әдісі», - деп атап өткен.

Дұрыс іріктелген тест мазмұны бақылауда ғана емес, сонымен қатар оқу үдерісінде де қолданыла алады. Автоматтандырылған бағдарламаларда тест тапсырмаларын қолдану білім алушылардың өзіндік бақылауын ұйымдастыруларына, тест нәтижесі бойынша дұрыс емес жауап берілген сұрақтарға қайта оралып, қателермен жұмыс жасап, оларды жоюға мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларының оқу және бақылау іс-әрекетін өзара байланыстыруда орасан зор қызмет атқаратындықтарын атап өтуге болады.

Мақсаттардың сәйкестігі. Тест тапсырмасының мазмұны тексеру мақсатына тәуелді. Бұл тест тапсырмаларын құрастыру негізіне алынған басты қағидалардың бірі болып табылады. Мысалы, олимпиадаға қатыстыру үшін білім алушылар санын іріктеу керек болған жағдайда оларға күрделі тест тапсырмалары ұсынылады. Тек осылай ғана қатысушылар арасынан ең мықтылары таңдалынады. Ал, егер де керісінше оқу үлгерімі төмен білім алушылар арасында тестілеу жүргізілсе, онда мұндай жағдайда мазмұны жеңілдетілген тест тапсырмалары ұсынылады.

Тестілеу нәтижесін бағалаудың объективтілігі. Тестілеу нәтижесін объективті бағалауда компьютерлік тестілеуді ерекшелеуге болады. Мұнда бақылау үдерісіне психологиялық әсер ететін оқытушының ықпалы мен тест тапсырушыға субъективті қарым-қатынасы болмайды.

Тестілеу нәтижесінің объективті болуы үшін тест тапсырмаларының мазмұны сауатты құрастырылуы керек екендігі жоғарыда қарастырылған болатын. Сауатты құрастырылған, барлық талаптарға сай келетін, тест тапсырушылардың нақты білім, білік және дағды деңгейлерін анықтап және оларды әділ бағалайтын тест тапсырмаларын жасау барысында жоғарыда баяндалған қағидаларды басшылыққа алу қажет.


ӘДЕБИЕТТЕР
1. Балықбаев Т.О., Сағымбаева А.Е. Педагогикалық тестілеу теориясы. Түсіндірмелік сөздік. – Алматы, 2009. – 68б. – ISBN 978-601-232-292-7

2. Аванесов В.С. Теория и методика педагогических измерений [Электрон. ресурс]. – 2003. – URL: http://testolog.narod.ru/Theory6.html (алу уақыты: 15.07.2013).

Достарыңызбен бөлісу:

41-cel-i-zadachi-duhovno-nravstvennogo-razvitiya-i-vospitaniya-obuchayushihsya-na-stupeni-nachalnogo-obshego-obrazovaniya.html
41-dogovori-posrednichestva-v-ved-dogovor-porucheniya-dogovor-komissii-agentskij-dogovor.html
41-emocii-tvorchestvo-rabotosposobnost-i-ih-vzaimosvyaz-1-predmet-estestvoznaniya-osnovnie-etapi-razvitiya.html
41-formalno-logicheskie-principi-izmerenij-uchebnoe-posobie-sankt-peterburg-2006-udk-778-5-nesterova-e-i.html
41-glasnost-v-rabote-palati-resheniem-kollegii.html
41-issledovanie-vozdejstvij-sovmestnogo-ispolzovaniya-fajla-issledovanie-vozdejstvij-sovmestnogo-ispolzovaniya-fajla-13.html
  • student.bystrickaya.ru/2-uchebnaya-cel-zanyatiya-izuchit-kliniku-ostrogo-appendicita-differencialnuyu-diagnostiku-metodiku-operativnogo-lecheniya-vedenie-bolnogo-v-posleoperacionnom-periode.html
  • education.bystrickaya.ru/1-forma-opisi-dokumentov-predstavlyaemih-dlya-uchastiya-v-konkurse-konkursnaya-dokumentaciya-po-provedeniyu-otkritogo.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/programma-disciplini-dpp-f-10-kompyuternaya-grafika-dlya-specialnosti-030800-izobrazitelnoe-iskusstvo-celi-i-zadachi-disciplini.html
  • education.bystrickaya.ru/24-formi-tekushego-kontrolya-i-aktivnih-metodov-obucheniya-rabochaya-programma-disciplina-opd-f-03-materialovedenie.html
  • writing.bystrickaya.ru/istochnik-vedomosti-29092010-malomu-i-srednemu-biznesu-predlagayut-snyat-ekonomiku-s-neftyanoj-igli.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/pravitelstvo-rossijskoj-federacii-postanovlenie-ot-7-dekabrya-2001-g-n-866-o-federalnoj-celevoj-programme-razvitiya-kaliningradskoj-oblasti-na-period-do-2014-goda-stranica-4.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/protokol-rassmotreniya-i-ocenki-kotirovochnih-zayavok-70-stranica-2.html
  • composition.bystrickaya.ru/podpunkt-44-izmenenie-klimata-varianti-vzaimodopolnyayushej-deyatelnosti-po-borbe-s-izmeneniem-klimata-v-ramkah-treh-konvencij-prinyatih-v-rio-de-zhanejro.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/proektirovanie-cifrovoj-sledyashej-sistemi.html
  • turn.bystrickaya.ru/ot-sostavitelya-ot-sostavitelya.html
  • klass.bystrickaya.ru/569-inzhenernaya-infrastruktura-generalnij-plan-municipalnogo-obrazovaniya-gorodskogo-okruga-gorod-fokino-bryanskaya-oblast.html
  • bystrickaya.ru/usloviya-predostavleniya-mezhdunarodnogo-bankovskogo-kredita-chast-3.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/s-v-smolenchuk-bgtu-220005-g-minsk-ul-sverdlova-13.html
  • turn.bystrickaya.ru/pervij-otchet-7-komponenti-11-sozdanie-otchetov-19-obzor-pechatnih-printable-komponent-35.html
  • crib.bystrickaya.ru/instrukciya-ob-organizacii-obrazovatelnogo-processa-v-moskovskom-universitete-mvd-rossii-moskva-2006.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-opd-f-02-metodi-matematicheskoj-fiziki-linejnie-i-nelinejnie-uravneniya-fiziki.html
  • desk.bystrickaya.ru/p21-vvod-formul-raschet-elektricheskih-filtrov-vipolnyaetsya-studentam.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tema-82-valyutnaya-sistema-uchebnoe-posobie-dlya-studentov-srednego-professionalnogo-obrazovaniya-ekonomicheskih-specialnostej.html
  • nauka.bystrickaya.ru/uchebnoe-posobie-dlya-uchashihsya-10-11-klassov-ekologiya-moskvi-i-ustojchivoe-razvitie-stranica-3.html
  • predmet.bystrickaya.ru/rekonstrukciya-evolyucii-belkov-semejstva-tankiraz.html
  • tests.bystrickaya.ru/lekciya-2-lesoustrojstvo-p-m-verhunov-n-a-moiseev-e-s-murahtanov-lesoustrojstvo-uch-pos-j-ola-margtu-2002-444-s.html
  • thescience.bystrickaya.ru/itogi-priyomnoj-kampanii-spbgu-samij-bolshoj-konkurs-v-spbgu-na-specialnost-literatura-narodov-zarubezhnih-stran-inostrannij-yazik-5-istochnik-stranica-9.html
  • assessments.bystrickaya.ru/chast-priglasheniya-izryadno-portila-pervuyu-ibo-soderzhala-v-sebe-nedvusmislennij-prikaz-okruzhivshaya-karetu-strazha-i-verhovie-luchniki-nimalo-ne-protivorechili-etomu-vpechatleniyu.html
  • bukva.bystrickaya.ru/sravnitelnij-analiz-operacionnih-sistem-windows-linux-macos.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/o-vnesenii-izmenenij-v-semejnij-kodeks-rossijskoj-federacii-i-otdelnie-zakonodatelnie-akti-rossijskoj-federacii-v-celyah-ustanovleniya-otvetstvennosti-za-neispolnenie.html
  • college.bystrickaya.ru/14-ispitanij-sistemi-10-vipusknoj-kollektor.html
  • report.bystrickaya.ru/holm-zhirkovskogo-rajona-smolenskoj-oblasti.html
  • bukva.bystrickaya.ru/tablica-5434-rezultati-testirovaniya-studentov-osnovnoj-obrazovatelnoj-programmi-04010165-socialnaya-rabota.html
  • education.bystrickaya.ru/-7-deyatelnost-komandovaniya-po-organizacii-obespecheniya-voennosluzhashih-vsemi-vidami-dovolstviya.html
  • student.bystrickaya.ru/10-kachestvo-uchebno-metodicheskogo-otchet-o-rezultatah-samoobsledovaniya-deyatelnosti-filiala-v-2003-2007.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/referat-po-discipline-grazhdanskaya-oborona-na-temu-zashita-naseleniya-v-chrezvichajnih-situaciyah-i-ochagah-porazheniya.html
  • thescience.bystrickaya.ru/k-osobennostyam-associatov-s-geograficheskim-priznakom-obektiviruyushih-koncept-sibirien-v-nemeckoj-konceptualnoj-kartine-mira-stranica-11.html
  • lesson.bystrickaya.ru/prikaz-ot-soglasovano-nachalnik-yarskogo-odm-vershinin-b-a.html
  • holiday.bystrickaya.ru/mi-kochutina-nahodki-i-problemi-v-prodvizhenii-chteniya-sredi-invalidov-po-zreniyu-i-iskusstv.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/glava-semdesyat-tretya-pyatdesyat-sedmaya.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.