.RU

Қазақ КҮресі арқылы студенттердің бойында ұлттық патриоттық рухты қалыптастыру

Дата10.04.2017өлшемі61.79 Kb.
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ РУХТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Иманбетов А.Н., Мускунов Қ.С., Хасенов Х.Ш., Абугалиев Б.Н.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ


Адамның өзіндік көзқарас жүйесі өздігінен пайда болмайды, ол оның тәрбиеленіп жатқан ортасында, қоғамдағы өмірімен байланысты. Өзара қарым-қатынас, оқу, тәрбиелену, еңбек жолы, спортпен шұғылданудың арқасында адамға түрлі сыртқы әсерлер ықпал етеді де, оның қоршаған орта, адамдарға деген субъективті көзқарасы қалыптасады. Сонымен қатар бұл жерде патриотизм секілді күрделі де, маңызды қасиеттің ірге тасы қаланатынын аңғаруға болады.

Қолда бар ғылыми әдебиеттерді қарастыра отырып, патриотизм сөзінің түп-төркінін қарастыратын болсақ, анықтама сөздікте «патриотизм» гректің patris (Отан) деген сөзінен шыққандығын білеміз. Ол қоғамдық және адамгершілік тұрғыдан алғанда, адамның белгілі бір әрекеттерді орындаған кездегіөз отанына деген көзқарасы мен ұстанымының жиынтығы ретінде сипатталады және оны Отанға деген сүйіспеншілік деп атауға болады.

Ал философиялық сөздікте «патриотизм... негізгі мағынасы өз Отанына деген сүйіспеншілік, оған деген адалдық және өз туған жерін мақтан ету, оның мүддесін қорғауға әрқашан даяр болу секілді әлеуметтік сезім, сондай-ақ адамгершілік және саяси ұстаным», деп түсінік берілгендігін аңғарамыз [1].

Яғни философиялық тұрғыдан алып қарағанда «патриотизм» әрекетшілдік, белгілі бір деңгейде іс-қимылдар орындау сезімі ретінде қарастырылады.

Педагогикалық сөздікте патриотизмге мынадай анықтама берген: «Патриотизм - өз Отанына және халқына деген сүйіспеншілік және көпұлттылықпен тығыз байланысты. Сондай-ақ әрекеттілігімен қатар, ол жоғарыда аталған түсініктерге эмоциялық тұрғыдан да қатысы бар екендігін атап өту керек».

Патриотизм күрделі тұлғалық құрылым бола отырып, адамның мотивациясының иреархиялық құрылымына кіреді. Осындай көзқарасты отандық педагогика мен психология да қолдайды. Ал шетелдік теорияларда берілетін мотивацияда сәл басқаша көзқарас қалыптасқан. Оған неміс психологы Х. Хекхаузеннің жүргізген іргелі жұмыстары дәлел бола алады [2].

Патриотизм анықтамасына жоғарыда берілген қысқаша түсініктемелерден кейін, патриотизм – бұл жеке тұлғаның өзін қоршаған өмірге көзқарасын анықтайтын күрделі де, көп қырлы және әлеуметтік қасиет деп айтуға болады.

Патриотизмнің пайда болу және даму тарихына тоқталып өтетін болсақ, ықылым заманда шектеулі бір кеңістікте өмір сүрген тайпа немесе рулардың тарихи тұрғыдан қоғамдаса өмір сүріп, олардың ортақ тілі мен мәдениеті, дәстүрлері болғандығын білеміз. Белгілі бір тайпаға жататын адамдар, сол аумақтарда дүниеге келді, өмір сүрді және дүниеден өтіп жатты. Әрине қоғамдаса өмір сүрген адамдардың ондай жағдайда өзі өмір сүретін тайпаны, басқа тайпалардан қорғауға деген қажеттіліктері туындайтыны белгілі. Соның нәтижесінде өзі өмір сүретін аумақты, өз тілін, дәстүрлерін сырттан келетін күштерден белсенді қорғауға деген ұмтылыстар, яғни патриоттық сезімге әкеліп соқты. Осы тұрғыдан алып қарағанда, патриотизм – бұл ғасырлармен және мыңдаған жылдармен адамдардың бойына сіңірліген ерекше сезім деп айтуға болады. Сондай ерекше сезім бұқара халықтың бойын билеп, орасан зор күшке ие болады және халықты басқыншылардан жаппай қорғауға итермелейді.

Бұқара халықтың патриоттық сезімдерінің ұлт тарихында, әсересе қиын-қыстау кезеңде орасан рөл ойнайтындығын тарих талай рет дәлелдеді.

Сонымен қатар әрекетті сипаттағы патриотизмді бөліп көрсетуге болады. Яғни ұлттар достастығына деген адалдық, берілгендік және жалпы ұлттық жетістіктерді сақтау мен ұлғайта түсу, өмір салтының ұстанымдарын нығайту, Отанын қорғау.

Бірқатар авторлар патриотизмді адамгершілік ұстанымдары, сезімталдық пен бойға біткен қасиет ретінде қарастырады.

Сонымен, патриотизм адамның күрделі де, сан түрлі рухани-адамгершілік сапасына жатады және ол адамның санасының, сезім мен іс-әрекет мәдениетінің бірлігін айқындайды. Сондықтан да оны адамның қоршаған ортаға қатысты сезімдер, ұстанымдар мен қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырған да дұрыс.

Біз студент жастардың патриоттық тәрбиелерін іске асырудың тиімді шарттарын анықтау мақсатында, отандық педагогиканың бірқатар әдістемелік ережелеріне талдау жүргізсек. Адам – бұл белгілі бір әлеуметтік-тарихи шарттардың, нақты бір қоғамдық (кластық, ұлттық), ұжымдық және тұлғааралық қарым-қатынастардың нәтижесінің «өнімі» екендігі белгілі. Қарым-қатынасқа түсу және іс-әрекеттерді орындау кезінде адамға сырттан сан-алуан күштер әсер етеді және соның нәтижесінде оның қоршаған орта, қоғам, табиғат және адамдарға деген көзқарасы қалыптасады. Міне сол қарым-қатынас пен іс-әрекеттердің алуан түрлілігі мен өзгергіштігі жеке тұлғаны тәрбиелеу процесіндегі қиындықтарды туындатады [3].

Біз қарастырғалы отырған күрес өнері - ұлттық салт-дәстүр және мәдениетпен бірге қалыптасып, қанаттас дамып отырған ажырамас бөлігі болып табылады. Көшпелілердің тұрмыстық, әлеуметтік өмірінде кездесетін той, ойын-сауық түрлері, күштілікті, ептілікті сынайтын дәстүрлі сайыстар күрес өнері арқылы өз мәртебесін арттыратын болған. Көшпелі халықтардың сан ғасырлық ауыз әдебиеті мен жырларындағы балуан,батырлар туралы аңыздар ұлттық өнеріміздің бізге жеткен ерлік мұрасы екенінде дау жоқ.

Азиялықтардың күрес түрлері: Қазақ белдесу немесе «Күрес», Өзбекше «Куреш», Қырғызша «Күреш», әзірбайжан мен түрікменше «Гулещ», Татар, Башқұрттарда «Күрящ» сияқты атуларға ие. Мұндағы «Күрес» атауына этимологиялық түбіріндегі сәйкестіктің өзі,бір дәстүр, бір тектен тарағанын байқатып тұр. Бүгінгі таңда жүргізіліп отырған спорттық теориялық және әдістемелік зерттеулер бойынша қазіргі күрес түрлері самбо, жү-до, еркін күрес, т.б. негізі айла тәсіл өнерінен алынғаны дәлелденуде. Бұл дегеніміз-дәстүрлі көшпелілер жекпе-жек өнерінің әлем спортының дамуына зор үлес қосты деуге болады.

Әсіресе белдік пайдаланып күресу тәсілінің бай тәжірбиесі ұлы даладан бастау алып, Шығыс пен Батыс елдеріндегі танымал сайыс түріне айналды.

Белдік арқылы белдесудің өзіндік сипаты болған. Ол белге оралған қайыстан лақтырып тастау немесе тізесі, алақаны жерге тигенге дейін жарамасқан. Бұл күрес өз бойына аса епті, қуатты әдіс-тәсілдерді тудырып, іс-әрекеттің кең көлемдік диапазонын сіңірумен қызықты. Сондықтан да адамның көңіл-қуанышын арттыратын, қанын қыздырып, ерлік пен елдікке баулитын қасиеті бар.

Біз қазақ халқы жоғарыда аталып өткен белдік арқылы күресудің негізін салған жұрттың біріміз. Сөйте тұра өте үлкен географиялық ауқымды мекендегендіктен де халық арасында тоқтамды бір дағдыланған жүйесі болмаған. Ал бізге белгілі белдік күресінің элементтері: қоян-қолтық, белме, алма т.б.Сондай-ақ жолы келген қарт адамдар күресуге қолайлы «Тізерлеп күресу», әйелдерге арналған «Қатын күрес» түрлері барын білеміз. Бұлардың өзіне тән ерекшеліктері де бірталай. Жоғарыдағы «Қоян-қолтық» әдісі белдіктен қос қолдап ұстау арқылы іске асса, «Белме» барысында ұстасу-ажырасу арқылы жүргізілген. Көшпелілер күресінің басты қағидасы әділеттілік болған.Жеңімпазды анықтау көреремен халықтың көз алдында жарасын тапқан. Жарыс ережесінде күрес ұйымдастырушылар мезгіл және жер таңдамай өткізетін болған. Көшпелілер өнерінің жоталы бір саласы қазақ күресінің тәрбиелік маңызы зор, ұлттық намысты тулатып, көрерменге асқан шабыт сыйлайтын құдіреті биік-күрес екенін тарихтан білеміз.

Қазақ күресін тарих беттерін парақтай қарап отырсақ, сан-қилы қызықтарға тап боламыз. Ертеде қазақтар той-томалақ думанда немесе халық жиналған жиындарда ұйымдастырылған жекпе-жектерде балуандардың салмағын өлшеп жатпаған. Қарсыласыңа қарсы тұралық күш-қуатың бар болса болғаны, кілемге білек сыбанып шыға бер. Әрине атан жілікті түйе балуандардың жөні бөлек екені анық. Дегеніменде халықтың ұғымында балуандардың мықтылығын салмаққа бағаламаған. «Күшті болсаң күресіп көр» деген пікірді берік ұстаған. Дегенімен де әрбір өткен белдесулер белгілі бір жүйемен ережеге икемделіп отырған.

Студенттерге қазақ күресі былай тұрсын, жалпы спорт арқылы патриоттық тәрбие беру мәселесіне бұрын мән берілмеген деп айтсақ қателеспес едік. Патриотизмге тәрбиелеудің негізгі бағыттары ретінде мына жайттарды көрсетуге болады:

- студенттердің бойында патриоттық сана қалыптастыру;

- мектеп оқушыларының патриоттық сезімдерін ояту, жандандыру;

- өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру және оны өмір салтына ендіруді әдет-дағдыға айналдыру.

Осы жайттардың өзі мектеп оқушыларына қазақ күресі арқылы патриоттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарының негізгі бағыттары болар еді.

Қазақ күресі - ежелден келе жатқан спорт түрі. Оны бағзы заманда-ақ бабаларымыз жетік меңгерген. Бұрындары ол жауынгерлік өнер санатына жатса, кейіннен спорттық сипат алды.

Қазіргі алмалы-төкпелі заманда ұлттық күрес өнерімізді жастарымыздың санасына сіңдіріп, насихаттасақ ұлттық намысы бар жастардыңсаны көбіріек болар еді.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Алтаев Ж., Қасабеков А., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. –Алматы: Жетіжарғы, 1998. –272 б.

2. Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность. Пер, с нем. – М.: Педагогика, 1985. – Т.1. – 408 с.: Т. 2 – 392 с.



3. Момынбаев Б.К., Санабаев У.К., Казахстанский патриотизм: сущность, цели и задачи. //Казахстанский патриотизм: опыт, проблемы и перспективы: сб. материалов репсубликанской научно-практической конференции. –Петрпавловск, 2002. -С. 28-32.

Достарыңызбен бөлісу:

9026p-78-problemi-arheologii-i-etnografii-byulleten-novih-postuplenij-za-mart-2011g.html
9045-naimenovanie-dissertacii-pravila-gosudarstvennoj-registracii-nauchno-issledovatelskih-rabot-provodimih.html
91-dlya-studentov-zaochnoj-formi-obucheniya-metodicheskie-ukazaniya-k-izucheniyu-kursa-i-kontrolnie-zadaniya-dlya-studentov.html
91-geografiya-geograficheskie-issledovaniya-zemli-i-otdelnihstran-chvash-knizhnaya-respublikin-6-2011-letopis.html
91-konstruirovanie-gravitacionnih-plotin-i-ih-elementov-sleduet-vipolnyat-v-sootvetstvii-s-razdelom-6-i-ukazaniyami-nastoyashego-razdela-92.html
91-meropriyatiya-teatralno-koncertnih-uchrezhdenij-respubliki-buryatiya-respubliki-buryatiya-respublikanskij-informacionnij.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/sabati-tairibikldk-zhne-senmhat-sabati-masati-blmdlk.html
  • thescience.bystrickaya.ru/iz-zakona-rossijskoj-federacii-o-bezopasnosti-ot-5-marta-1992-g-stranica-3.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/62-predpolagaemie-dohodi-1-2-opisanie-produkcii-i-uslug-6.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/administrativnoe-presechenie-kak-mera-administrativno-pravovogo-prinuzhdeniya-chast-25.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-4-kontrol-za-ispolneniem-dokumentov-instrukciya-po-deloproizvodstvu-federalnoe-gosudarstvennoe-obrazovatelnoe.html
  • occupation.bystrickaya.ru/obrazovatelnie-uchrezhdeniya-perechen-professij-specialnostej-po-kotorim-osushestvlyaetsya.html
  • universitet.bystrickaya.ru/srednevekove-poryaz-stranica-3.html
  • crib.bystrickaya.ru/i-kratkaya-harakteristika-socialno-ekonomicheskogo-polozheniya-regiona-rf-6-stranica-10.html
  • esse.bystrickaya.ru/psihologya-relg-yak-relgznavcha-disciplna.html
  • notebook.bystrickaya.ru/kakova-funkciya-centralnogo-rechevogo-apparata-i-ego-otdelov-programma-disciplini-dpp-f-02-logopediya-celi-i.html
  • paragraf.bystrickaya.ru/zanyatie-6-upravlenie-korporativnoj-kulturoj-pri-provedenii-organizacionnih-izmenenij.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-10-mihail-uspenskij.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/skazka-v-3-h-dejstviyah.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-30-psihologicheskie-voprosi-korablevozhdeniya-i-morskoj-praktiki-kniga-predstavlyaet-soboj-pervuyu-popitku-sistematicheskogo.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/krug-2-boj-k-4-temi-krug-1-boj-a-4-temi.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/relef-territorii-rf-i-sbz-kurs-lekcij-po-discipline-fizicheskaya-geografiya-rossii-tatarstana-i-stran-blizhnego.html
  • education.bystrickaya.ru/21-uchastie-po-zakon-v-sdebni-zasedaniya-po-administrativni-dela-dokla-d-za-prilaganeto-na-zakona-i-za-dejnostta.html
  • abstract.bystrickaya.ru/-8-vozdejstvie-bakteriologicheskogo-biologicheskogo-oruzhiya-uchebnik-razrabotan-v-sootvetstvii-s-programmoj-podgotovki.html
  • institute.bystrickaya.ru/gavalda-a-glotok-svobodi-roman-a-gavalda-m-astrel-ast-2010-190-s-isbn-978-5-17-067115-1-978-5-271-27788-7.html
  • esse.bystrickaya.ru/razdatochnij-material-k-modulyu-menedzhment.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tablica-3-itogi-iv-respublikanskoj-diagnostiki-obrazovatelnih-dostizhenij-uchashihsya-vipusk-4-izdatelstvo-biro.html
  • turn.bystrickaya.ru/polozhenie-o-gorodskom-konkurse-myagkoj-igrushki-rozhdestvenskij-podarok.html
  • occupation.bystrickaya.ru/obshie-vivodi-i-zadachi-na-sleduyushij-uchebnij-god-publichnij-otchet-mou-sangarskaya-gimnaziya-za-2009-2010-uchebnij.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/kurs-lekcij-po-speckursu-dlya-studentov-visshih-yuridicheskih-zavedenij-i-yuridicheskih-fakultetov-universitetov-obuchayushihsya-po-specialnosti-12-00-03-yurisprudenciya.html
  • thescience.bystrickaya.ru/ii-edinij-spisok-produkcii-podlezhashej-obyazatelnoj-sertifikacii-pri-pomeshenii-pod-tamozhennie-stranica-16.html
  • lecture.bystrickaya.ru/41-rezultati-finansovo-hozyajstvennoj-deyatelnosti-kreditnoj-organizacii-emitenta.html
  • crib.bystrickaya.ru/graal-i-otkrovenie-apostola-ioanna-konspekt.html
  • books.bystrickaya.ru/doklad-na-temu-razvitie-tvorcheskih-sposobnostej-mladshih-shkolnikov-na-urokah-matematiki.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-pervaya-oldos-leonard-haksli-o-divnij-novij-mir.html
  • klass.bystrickaya.ru/anketa-zayavka.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/analiz-1-5-glav-osnov-socialnoj-koncepcii-russkoj-pravoslavnoj-cerkvi.html
  • apprentice.bystrickaya.ru/vidi-nalogov-za-rubezhom.html
  • turn.bystrickaya.ru/opredelenie-rashoda-teplovoj-energii-na-sobstvennie-nuzhdi-kotelnih-instrukciya-p-o-organizacii-v-minenergo-rossii.html
  • education.bystrickaya.ru/15-yanvarya-v-14-00-sostoitsya-press-konferenciya-na-temu-oplata-zhilya-i-kommunalnih-uslug-v-2008-godu.html
  • abstract.bystrickaya.ru/35-vzaimodejstvie-s-pedagogicheskoj-obshestvennostyu-naseleniem-oblasti.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.