.RU

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикплық қадағалау мен бақылау комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы

Дата10.04.2017өлшемі88.84 Kb.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикплық қадағалау мен бақылау комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

С-4 санаты үшін:жоғары білім;мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max
С-4
138248

186551

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 10, анықтама үшін телефондары 8 (7172) 74-12-05, электрондық пошта e.erzhanov@energo.gov.kz, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:.

2017 жылғы 28 маусымға дейін негізгі қызметші бала күтімі демалысы кезеңіне Материалдар және халықаралық кепілдіктерді бақылау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.



Функционалды міндеттері: Ядролық материалдарды, сәулелену көздерін есепке алуды және бақылауды, ядролық материалдардың, технологиялардың, жабдықтардың, қондырғылардың атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтердің экспортын және импортын бақылауды жүзеге асыру; МАГАТЭ кепілдіктерінқолдану бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды бақылауды жүзеге асыру; инспекциялық кызмет; нормативтік-техникалық құжаттама жобаларын әзірлеуге қатысу; атом энергиясын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықта мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кызметін үйлестіру бойынша Комитеттің жұмысына катысу; атом энергиясын пайдаланумен байланысты кызметті лицензиялау материалдарын қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар немесе білім (физика).
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.


      Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде Астана қаласы, Орынбор көшесі 10, «Министрлітер үйі» 15-кіреберіс мекенжайында қабылданады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде мекенжайында қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде Астана қаласы, Орынбор көшесі 10, «Министрлітер үйі» 15-кіреберіс мекен-жайында өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламары: B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.
      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткізу бағдарламалары:

екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт
75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.


Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Достарыңызбен бөлісу:

a-gorbovskij-inie-miri-hudozhnik-o-kovaleva-na-oblozhke-a-muntyan-logos-11-i-zolotie-niti-dao-stranica-3.html
a-gorbovskij-inie-miri-hudozhnik-o-kovaleva-na-oblozhke-a-muntyan-logos-11-i-zolotie-niti-dao-stranica-9.html
a-gosudarstvennie-kratkosrochnie-beskuponnie-obligacii-gko-1-predprinimatelstvo-v-usloviyah-rinka-sushnost.html
a-grekov-kapitan-generalnogo-shtaba-stranica-6.html
a-gromadskij-ya-esm-chetvyortoe-poslanie-stranica-18.html
a-h-gilemyanov-glavnij-buhgalter-stranica-38.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-po-discipline-filosofskaya-antropologiya-filosofiya-kulturi-naimenovanie-disciplini-po-napravleniyu-stranica-6.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/saraktashskij-hlebokombinat-istoriya-lyudi-sudbi.html
  • reading.bystrickaya.ru/kursovoj-proekt-standart-ne-mozhet-bit-chastichno-ili-polnostyu-vosproizveden-tirazhirovan-i-rasprostranen-v-kachestve.html
  • desk.bystrickaya.ru/otchet-o-finansovom-polozhenii-za-31-dekabrya-2010-goda-7-otchet-o-pribilyah-i-ubitkah-za-god-zakonchivshijsya-31-dekabrya-2010-goda-8-stranica-12.html
  • predmet.bystrickaya.ru/serij-plutishka-logopedicheskoe-posobie-dlya-zanyatij-s-detmi-izdat-shkola-tm-too-izdatelstvo-bibliopolis-spb-1996-208-s.html
  • school.bystrickaya.ru/attaction-of-foreign-inflows-in-east-asia.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/antikrizisnoe-upravlenie-v-kreditnih-organizaciyah-chast-15.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/programma-korrekcionnoj-raboti-osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-municipalnogo-obsheobrazovatelnogo-uchrezhdeniya.html
  • writing.bystrickaya.ru/glava-8-dni-rasshireniya-moego-krugozora-i-s-prohanov.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/glava-3-persikov-pojmal-mihail-bulgakov-rokovie-yajca.html
  • doklad.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-dopolnenie-k-uchebnoj-programme-po-rejtingovoj-sisteme-ocenki-uspevaemosti-dlya-studentov-ochnoj-formi-obucheniya-specialnosti-upravlenie-kachestvom.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/koptevo.html
  • apprentice.bystrickaya.ru/vliyanie-na-cheloveka-opasnih-vrednih-faktorov-proizvodstvennoj-sredi.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/mahatma-gandi.html
  • write.bystrickaya.ru/filosofiya-xvii-veka-filosofiya-racionalizma.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/analiticheskoe-ispolzovanie-otcheta-o-pribilyah-i-ubitkah-i-ego-ispolzovanie-v-ocenke-dohodnosti.html
  • pisat.bystrickaya.ru/tehnika-formirovaniya-povedeniya-uchebnoe-posobie-pod-red-n-m-platonovoj-i-yu-p-platonova-spb-rech-2004-154s.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/kontrol-i-ocenka-kratkogo-pereskaza-ocenka-ustnogo-otveta.html
  • kanikulyi.bystrickaya.ru/vsego-470-izmeritelnie-i-reguliruyushie-pribori-4-dannie-o-gosudarstvennoj-registracii.html
  • education.bystrickaya.ru/1091-gosudarstvo-i-pravo-otdelnih-stran-gosudarstvennij-rubrikator-nauchno-tehnicheskoj-informacii-grnti.html
  • spur.bystrickaya.ru/lekciya-dayotsya-kogda.html
  • studies.bystrickaya.ru/bileti-obshestvoznanie-dlya-vipusknih-ekzamenov-v-11-klasse-chast-11.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/sredstva-massovoj-informacii-gosudarstva-rossii-rf-vseya-rusi-i-narod-o-ya-anatolie-krilenko-bozhem-cheloveke-bozhem-patriarhe-nad-patriarhami-i-pape-stranica-6.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glava-5-efirnie-masla-v-promishlennoj-medicine-v-v-nikolaevskij-glava-fizicheskaya-harakteristika-efirnih-masel.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/v-naklonenie-modus-uchebnoe-posobie-otvetstvennij-redaktor-kandidat-filologicheskih-nauk-o-f-mironova-moskva-yurist.html
  • shpora.bystrickaya.ru/yaponskie-skazki-i-pritchi-stranica-2.html
  • student.bystrickaya.ru/1-geologo-fizicheskaya-harakteristika-mestorozhdeniya.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/rossiya-i-mir-teorii-izucheniya-kniga-i.html
  • books.bystrickaya.ru/ekonomika-rossii-v-1991-1995gg.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/proizvedenie-rastvorimosti-kurs-lekcij-po-himii-dlya-studentov-i-go-kursa-zheleznodorozhnih-specialnostej-vseh-form.html
  • paragraf.bystrickaya.ru/zholdibalina-a-s-saraptamali-taldau-ortalitarini-bgng-damu-rds.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/programma-mezhdunarodnoj-nauchno-prakticheskoj-konferencii-10-aprelya-2009-goda-sankt-peterburg.html
  • assessments.bystrickaya.ru/dravidskie-yaziki-yes-in-over-550-languages-4.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/programma-vstupitelnih-ispitanij-v-magistraturu-po-napravleniyu-080200-menedzhment.html
  • bystrickaya.ru/zazhigatelnie-smesi-sostav-sredstva-primeneniya-i-dostavki-vizivaemie-povrezhdeniya-metodi-lecheniya-i-zashiti-chast-2.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.