.RU

Қазақстан республикасындағы президенттік институттың Қалыптасуы

Дата07.06.2017өлшемі81 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

М.Т. Мағзұмов

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

Қазақстанда президент институтының негізін қалау арқылы мемлекеттілігіміздің дамуындағы жаңа бір кезең басталып, еліміздің демократиялық құндылықтар мен демократиялық саяси институттарды енгізуге кеңінен жол ашылды. Бірақ президент институты кеңестік саяси жүйеде бұрын-соңды болмағандықтан, оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын анықтау барысында көптеген қиыншылықтарды бастан кешуге тура келді. Соның бірі – президент институтын ендіру бірден мемлекеттік басқарудағы түбегейлі өзгерістерге әкелген жоқ. Алғашқы жылдары жетекші рөл Жоғарғы Кеңес қолында сақталды. Президенттің басқа билік тармақтарымен қарым – қатынасын реттейтін механизмнің болмауы да біршама қиындықтар тудырды.

Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы қарама-қайшылықтар мен теке-тірестерді 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция шешіп берді. Қазақстан Республикасының Конституциясы президент институтына жетекші рөл берілетін мемлекеттік құрылысты бекітті. Әрине, президенттің жаңа мәртебесі мен оның өкілеттік ауқымының кеңдігі отандық ғалымдар мен саяси қайраткерлер тарапынан әр қалай бағаланып, сыналды да. Дегенмен, мұндай қадамның өтпелі кезең талабынан туындағанын уақыттың өзі дәлелдеді.

Біз зерттеу ерекшелгіне байланысты билік тармақтарының заң шығарушы және атқарушы биліктің өзара қарым-қатынас сипаты, оның легитимділігі, билік тармақтарының дамуына және конституциялық реформаларға арналған саясаттанушылар еңбектеріне сүйене отырып, Қазақстандағы президент институтының қалыптасу үдерісін төмендегідей кезеңдерге бөлдік:

Бірінші кезең – 1990-1995 жылдар аралығы. Бұл Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінде бұрын-соңды болмаған Президент қызметінің енгізіліп, оның басқару жүйесіндегі өз орнын іздеу кезеңі. Бірінші кезеңнің уақыттық шегін 1995 жыл деп анықталуының басты себебі – осы жылғы ҚР Конституциясы қабылданғанға дейін Президент мәртебесі мен оның басқа билік тармақтарына қатысты өкілеттігі айқын болған жоқ;

Екінші кезең – 1995-2001 жылдар аралығын қамтиды. 1995 жылғы Конституцияның Қазақстанды президенттік басқару нысанындағы мемлекет деп анықтауы президент институтын саяси жүйедегі жетекші институтқа айналдырып, оның мәртебесіне түбегейлі өзгерістер алып келді. Президент мәртебесіне, өкілеттігіне өзгерістер енгізіліп, алғаш рет Президент әкімшілігін қалыптастыру жүзеге асырылып, Президент институтының заңды негізі толығымен қаланды. Осы кезеңде Президенттің ішкі және сыртқы саясаттағы өкілеттігін қамтамасыз ететін кеңестер мен комиссиялар да дүниеге келді.

Үшінші кезең – 2001-2007 жылдар аралығы. 1999 жылы Президентттің балама негізде сайланып, легитмділігінің күшеюі, 2001 жылы ҚР Тұңғыш Президенті туралы заңның қабылдануы осы кезеңнің ерекшеліктерін айқындады. Аталған кезеңде заман талабынан туындаған мәселелерді шешу мақсатында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес, Құқықтық саясат жөніндегі кеңес, Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі кеңес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия, Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі тұрақты жұмыс жасаушы Мәжіліс, Президент жанындағы кәсіпкерлер кеңесі құрылды. Мұндай құрылымдардың дүниеге келуі Президент институтының тармақталып, күрделі әрі тұрақты жүйеге айналғанын көрсетеді.

Төртінші кезең – 2007 жылдан бүгінгі күнге дейінгі уақытты қамтиды. 2007 жылы ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер мен түзетулерден кейін президенттік институттың дамуында жаңа кезең басталды. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттің кейбір өкілеттіктері Парламент құзырына көшті [1]. Бірақ бұл президенттік институтты әлсірету емес, керісінше басқа демократиялық институттарды дамыту арқылы оның әлеуетін күшейту болып табылады.

Қазақсатан саяси жүйесін трансформациялау азаматтық қоғамды қалыптастыру жағдайында жүзеге асырылғандықтан күрделі өтті. Дамыған саяси институттардың болмауы, демократиялық басқару тәжірибеміздің аздығы, сайлау жүйесінің жетілмеуі көптеген қиыншылықтар тудырды. Сондықтан, құрылымдық қайта құрулар кезеңінде Президент институтына маңызды, әрі шешуші рөл берілді. Дегенмен, еліміздегі саяси трансформация нәтижесінде президенттік басқару жүйесінің өзіндік үлгісі қалыптасты. Тіпті отандық саяси зертеулерде: «...1991-1995 жылдардағы кезеңмен және классикалық президенттік республикалармен салыстырғанда мемлекет басшысының конституциялық өкіліеттіктерінің кеңеюі суперпрезиденттік немесе президенттік басқарудың классикалық емес формасы», - деп бағаланды [2]. Бұл жоғарыдан жүргізілген жаңартуға, әрі енді қалыптасып келе жатқан нарықтық экономика мен азаматтық қоғамға сай басқару еді.

Президент балама негізде сайланып, легитимділігі күшейді. 2000 жылы 1 шілдеде «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы» заң қабылданып, 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілді. Заң Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тарихи миссиясын анықтап, саяси жүйедегі орнын айшықтады. Тұңғыш Президент институты төрт топтағы ережелер арқылы анықталды:

- Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі тұңғыш Президенттің өмір бойғы жағдайы;

- Президенттің өмір бойы өкілеттіктері мен функциялары;

- Қазақстан қоғамының саяси жүйесіндегі тұңғыш Президенттің өмір бойы жағдайы;

- Қазақстанның тұңғыш Президенті институтын қалыптастыру және қамтамасыз ету жүйесі, сонымен бірге әлеуметтік және басқа да кепілдіктерді беру тәртібі мен қаржыландыру көздері.


Президент жоғары лауазымды тұлға болғандықтан оған екі билік те, яғни заң шығарушы да және атқарушы билік те жүгіне алуы керек. Заң қабылдау қажеттілігі негізделгеннен кейін, ғылыми мекемелерді қатыстыра отырып құрылған Үкіметтің арнайы комиссиясы заң жобасын дайындауға кіріседі. Дайындалған заң жобасы тиісті министрліктер мен ведомстволарға, мекемелерге жіберіледі. Олардың келісімінен кейін заң жобасы Үкіметке тапсырылады. Ал депутаттар бастамасымен дайындалған заң жобаларына Үкімет міндетті түрде өз пікірін білдіруі керек.

Парламентте қабылданған заңға Президент қол қойып, оның баспасөзде жариялануы және заңның күшіне енуі, Конституцияның 44-бабының 2-тармағына сәйкес Президент Парламент Мәжіліс мақұлдап, Сенат қабылдаған заңға 15 жұмыс күні ішінде қол қойып, заң халыққа жария етілуі тиіс.

«ҚР Президенті туралы» заңнама Президент әкімшілігінің құрамына кіретін Парламенттегі Президент өкілдігі қызметі анықталған. Қазақстанда бұл құрылым өзіндік даму, қалыптасу жолын басынан кешірді. Өкілдіктің негізгі қызметі Президенттің Парламентке қатысты Конституциялық өкілеттігін, қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Конституцияға сәйкес Қазақстанда президенттік басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыруына байланысты Президент пен атқарушы билік қарым-қатынасына да өзгерістер енгізілді. Президенттің атқарушы билікке қатысты келесі өкілеттіктері сақталды: Премьер-министр кандидатурасын Палаталардың біріккен отырысында Парламенттің мақұлдауымен тағайындайды. Сонымен бірге, Президент Премьер-министр ұсынған Үкімет құрамы мен құрылымы туралы ұсынысты басшылыққа ала отырып, Үкіметті қалыптастырады.

Президент Премьер-министр мен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындап қана қоймайды, олар қызметтен босатуға да құқылы. Тағы бір маңызды жайт, Үкімет мүшелерінің антын Президент қабылдайды. Біздің ойымызша, Президенттің Үкіметті қалыптастыру құқығы өте маңызды. Бірақ Республика Президентінің өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға құқығы болуы, Үкімет дербестігін шектеуге ықпал етері сөзсіз.

Президент пен Үкіметтің қарым-қатынасында, жалпы, билік бөлінісі принципіне сәйкес, Үкімет жауаптылығы маңызды рөл атқарады. Қазіргі қолданыстағы Конституция бойынша Үкімет Президент алдында жауапты және оған қоса Парламентке есеп беріп отырады.

Президент «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиялық даму бағдарламасында: «Бүгін мен дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарымызды ұсынғым келеді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет нақты тұжырымдама жобасын жасады» [3] - деп атап көрсетті. Бұл Президент тапсырмалары ескеріліп жөнделгеннен кейінгі ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыруын жариялаған стратегиялық құжат. Осыдан келіп, біз Президенттің атқарушы билік, үкімет саясатын қалыптастырып анықтауда, оның жүзеге асыруын бақылауда шешуші рөл атқаратынына тағы да көз жеткіземіз.

Мемлекеттік биліктің үш тармағының бірі – сот билігіне қатысты президенттік институттың атқаратын қызметі де сан қырлы болып келетіні белгілі.

1995 жылы қабылданған Конституция сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болды. «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға , азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге...» [4] - деген Қазақстан Президентінің халыққа берген антында құқық қорғау міндеттерінің мазмұны көрініс тапқанын көреміз. Президент Жарлықтарының басым көпшілігі барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Президент Парламентке қабылданған заңдарға келісімін беру процедурасын пайдалана отырып, азаматтардың құқықтарына қатысты мәселелерді дер кезінде, әрі жылдам заңды жолмен реттеп отыруға ұмтылады. Бұл өз кезінде, біріншіден, іс-жүзінде Президенттің елдегі азаматтардың құқы хақындағы жағдай туралы шынайы ақпаратты қаншалықты деңгейде білетіндігін түсінуге; екіншіден, құқық бұзушылыққа қарсы іс-шаралар қолдануға; үшіншіден, президенттің азамат құқығының кепілі ретіндегі беделін көтеруге мүмкіндік береді.

Қолданыстағы Конституция негізінде жаңа құрылым Жоғары Сот Кеңесі дүниеге келді. Жоғары Сот Кеңесін құру Президент құзырына берілді. Президент Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы мен оның құрамына кіретін басқа да адамдарды тағайындау құзырын иеленді.

Республика Прокуратурасы өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және республика Президентіне ғана есеп беретін болды.

Президент институты жүйесіндегі құрылымдар қатарына жататын: Ел басының қызметін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі, Президент жанындағы кеңестер мен президенттік билік тармағындағы комиссиялардың тыныс-тіршілігін қарастыра отырып, біз олардың Президенттің алға қойған жұмыстарын жүзеге асырудағы мәртебелі қызметін көреміз. Сонымен қатар, президенттік институттың әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени және т.б. салалардағы өзекті мәселелерді шешуде Президент жанындағы кеңестер мен комиссиялардың атқаратын рөлдері мен мәртебелерінің деңгейін байқаймыз. Жалпы, бұл құрылымдар еліміздің өркениет көшімен алға қарай жылжуында өте қажет екендігі анық.

Қорытындылар болсақ, Қазақстан Республикасында президенттік басқарудың заңдық-құқықтық негізі қаланып, ол демократияландыру бағытындағы саяси жаңартуды жүзеге асыруда жетекші рөл атқаруда. Біздің ойымызды, Қазақстандағы президент институтының қалыптасуын, оның рөлін зерттеуші М.Б. Қасымбековтың елімізді жаңарту барысында: «Қоғамның ұлт көшбасшысының айналасына топтасуы президенттік институттың реформалардың қозғаушы күшіне айналып, өзінің тарихи міндетін сәтті атқару үшін қолайлы жағдайлар туғызды» [5] - деген пікірді де дәлелдей түседі. Ал зерттеуші С. Дьяченко еліміздегі реформалар сәттілігін Елбасының жеке қасиеттерімен, харизмасымен байланыстырады [6]. Айтпағымыз: Қазақстан Президенті бүгінгі күні мемлекет басшысы, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтаушы және Қазақстанды ел іші мен халықаралық қатынаста көрсетуші ең жоғары қызмет иесі болумен қатар әлем мойындаған көшбасшыға айналып отыр. Ал президент институты – еліміздегі демократиялық өзгерістерді жүзеге асырудың іргелі негізі.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. ҚР Конституциясы. Қазақстан Республикасының 2007 ж. мамырдағы №254-III Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.- Алматы, 2008.-39 б.

2. Насынбаев А., Машан М., Мурзалин Ж., Тулеугулов А. Эволюция политической системы Казахстана в 2-х т.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001- 161б.

3. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», - Егемен Қахақстан, 18 ақпан 2014 ж.

4. Қазақстандағы Президенттік институты: тарих, тағылым, тәжірибе. -Алматы, «Раритет», 2010.- 181 б.

5. М.Б.Қасымбеков. Институт Президентства, как инструмент политической модернизации (на примере Республики Казахстан): Автореферат диссертации доктора политических наук. -Алматы, 2002.-б.49.



6. С.Дьяченко. Политический транзит в Современном Казахстане. -Астана, Елорда, 2001.б.384.

Достарыңызбен бөлісу:

a-p-yarkov-kazaki-v-kirgizstane-stranica-4.html
a-p-zinchenko-pedagogika-g-p-shedrovickogo-stepkina-i-unas-segodnya-ocherednoj-seminar-predposlednij-v-cepi-podgotovitelnih-seminarov-k-chteniyam-segodnya-delaet-doklad-aleksandr-prokofevich-zinchenko-unego-prodo.html
a-person-his-appearance-clothes-and-character.html
a-petrov-brakhmanyandex-ru-stranica-32.html
a-plan-skorostej-b-plan-uskorenij-uchebno-metodicheskoe-posobie-k-programme-i-kontrolnie-zadaniya-dlya-studentov.html
a-policeman-is-asking-mrs-hutchinson-about-a-car-accident-she-happened-to-see-yesterday.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/paradigmi-postsovetskoj-istoricheskoj-nauki-vsyak-sam-sebe-istorik.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/kravchenko-a-i-kulturologiya-hrestomatiya-dlya-visshej-shkoli.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/biokompyuteri-ili-zhivie-kompyuteri.html
  • essay.bystrickaya.ru/bhagavad-gita-kak-ona-est-stranica-46.html
  • gramota.bystrickaya.ru/zadanie-oznakomitsya-s-soderzhaniem-sillabusa-po-istorii-gosudarstva-i-prava-rk.html
  • testyi.bystrickaya.ru/a-z-farrahov-ministr-zdravoohraneniya-respubliki-tatarstan-b-d-mendelevich-nachalnik-otdela-po-voprosam-zdravoohraneniya-apparata-kabineta-ministrov-respubliki-tatarstan-r-s-safiullin.html
  • urok.bystrickaya.ru/prilozhenie-3-poryadok-priema-grazhdan-v-moskovskij-gosudarstvennij-oblastnoj-universitet-na-20112012-uchebnij-god.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/sbornik-proizvedenij-aleksandr-viktorovich-kostyunin-petrozavodsk-11-11-2009-g-soderzhanie-rukavichka-rasskaz-stranica-9.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glava-24-master-volshebnih-palochek-garri-potter-i-dari-smerti.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/maksim-nastoyashee-imya-molodogo-talantlivogo-parnya-iz-podmoskovnogo-goroda-egorevska.html
  • college.bystrickaya.ru/1-polozhenie-reglamentiruet-poryadok-periodichnost-sistemu-ocenok-i-formi-provedeniya-promezhutochnoj-attestacii-obuchayushihsya-i-utverzhdaetsya-direktorom-posle-rassmotreniya-na-zasedanii-pedagogicheskogo-soveta-3.html
  • spur.bystrickaya.ru/koefficienti-oslableniya-doz-radiacii-zdaniyami-sooruzheniyami-i-transportnimi-sredstvami.html
  • tasks.bystrickaya.ru/122-organizacionnie-i-tehnicheskie-meri-po-inzhenerno-tehnicheskoj-zashite-informacii.html
  • literature.bystrickaya.ru/biografiya-abel-nils-henrik-1802-1829gg-na-bolshoj-ploshadi-goroda-oslo-stolici.html
  • esse.bystrickaya.ru/qnh--kodovoe-oboznachenie-prikaz-ministerstva-transporta-ukraini-ot-16-aprelya-2003-goda.html
  • knigi.bystrickaya.ru/richard-bendler-dzhon-grinder-stranica-16.html
  • lesson.bystrickaya.ru/pravo-sobstvennosti-pravomochiya-sobstvennika.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/znachenie-tehnologii-razvitie-kriticheskogo-mishleniya-cherez-chtenie-i-pismo-dlya-realizacii-antropologicheskogo-vektora-tyutorskogo-dejstviya.html
  • znanie.bystrickaya.ru/analiz-raboti-po-mdou-67-za-2010-2011-god.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/raspredelenie-nablyudaemih-k-i-parhonom-starikov-po-polu-i-vozrastu-piter.html
  • pisat.bystrickaya.ru/tematicheskie-mesyachniki-goda-publichnij-doklad-za-200910-uch-god.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/raspisanie-zanyatij-studentov-fakulteta-pravo-i-politologiya-zaochnoj-formi-obucheniya-po-subbotam.html
  • notebook.bystrickaya.ru/hnicheskie-problemi-specifiku-tehnicheskih-stranica-29.html
  • education.bystrickaya.ru/110-kit-ma1-10000-o-kompanii.html
  • literatura.bystrickaya.ru/specialnaya-korrekcionnaya-nachalnaya-shkola-detskij-sad-5-8-i-drugih-vidov-msou.html
  • holiday.bystrickaya.ru/nacionalnij-issledovatelskij-universitet-visshaya-shkola-ekonomiki.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/proekt-finansiruetsya-evropejskim-soyuzom-stranica-18.html
  • shpora.bystrickaya.ru/vuzovskoe-obrazovanie-trebuet-nezamedlitelnih-mer-gosudarstvennogo-reagirovaniya.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/lekciya-4-zakonomernosti-sistem.html
  • predmet.bystrickaya.ru/russkaya-usadba-v-dramaticheskih-proizvedeniyah-ap-chehova.html
  • shkola.bystrickaya.ru/metodika-izucheniya-stepeni-zagryazneniya-okruzhayushej-sredi-po-lishajnikam.html
  • textbook.bystrickaya.ru/izuchenie-polozheniya-zhenshin-v-rabotah-po-stratifikacii-kniga-e-giddensa-eto-kurs-lekcij-kotorij-avtor-chitaet-uzhe.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/slova-vedomosti-05042007-60-str-a2-gosduma-rf-monitoring-smi-5-aprelya-2007-g.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/spisok-osnovnoj-literaturi-po-mezhdunarodnomu-pravu-metodicheskie-materiali-dlya-studentov-5-kursa-zaochnogo-otdeleniya.html
  • literature.bystrickaya.ru/dopolnitelnaya-literatura-seminar-2-metodicheskie-ukazaniya-po-provedeniyu-seminarskih-zanyatij.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.