.RU

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды: Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы

Дата15.03.2017өлшемі79.7 Kb.




«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі  №16 үй, анықтама үшін байланыс телефондары:
8(724)-2261644, электронды пошта person.kadr2013@mail.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы (Е-R-1 санаты, 1 бірлік, индекс №18-1). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  142412 теңгеден 192382 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мекеменің ісін ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына жауапты болады.

Құрылыс тарапынан мемлекеттік саясатты ведомоствалық аумағында жүзеге асыру.

Қалалық құрылыс тарапынан бағдарламаны дайындау және жүзеге асыру.

Өкілеттік органның белгіленген басқа да бюджеттік бағдарламаларымен дайындау және жүзеге асыру.

Белгіленген тәртіпте мемлекеттік құрылыс, жобалық және басқа да жұмыстарды сатып алу бойынша ашық конкурстар өткізу.

Әр түрлі келісім-шарттар жасау, сонымен қатар құрылыс келісім шарттары.

Белгіленген тәртіпте салынып жатқан объектілерге техникалық бақылау жүргізуге тұлғаларды тарту.

Қалалық құрылыс тарапынан және басқа да объектілердің құрылыстық жүзеге асуына жалпы бақылау бекіту.

Қалалық құрылыс тарапынан объектілердің құрылысы бітуіне байланысты эксплуатация енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Қалалық құрылыс тарапынан және басқа да объектілерде құрылыстарының бітуіне байланысты эксплуатацияға қабылдау бойынша, жұмысшы жіне мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу.

Құрылысы өтіп жатқан (реконструкциялау, кеңейту, модернизациялау, жөндеу) және құрылысы жоспарланған объектілерді жіне комплекстерге мониторинг өткізу.

Бөлінген бюджеттік қаржының қаржыландырылуының қатаң есебін жүргізу, бақылау және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.

Әр түрлі семинарлар, көрмелер, басқа да іс-шараларға қатысу және ұйымдастыру.

Белгіленген тәртіппен шетел және басқа да инвестициялардың тарту жұмыстарына қатысу.

Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес өзге де функциялардың жүзеге асырады.



Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру) немесе өнер (сәулет) немесе құқық мамандықтары бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы


21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы Ы.Жақаев көшесі  №16 үй ғимаратының 3 қабатында қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы Ы.Жақаев көшесі  №16 үй ғимаратында өтеді.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


«Қызылорда қаласы

әкімініңаппараты»

мемлекеттік мекемесінің

конкурстық комиссиясы

Достарыңызбен бөлісу:

akademiya-stranica-5.html
akademiya-upravleniya-oruzhie-genocida-samoubijstvo-lyudej-i-ego-mehanizmi-spb-2005.html
akademknigauchebnik-stranica-2.html
akamyu-o-smisle-zhizni.html
akazie-198-es-ist-um-auf-die-akazien-zu-klettern-nemecko-russkij-frazeologicheskij-slovar.html
akcentirovat-vnimanie-detej-na-svoih-umeniyah-i-fizicheskih-vozmozhnostyah-svoego-organizma-vospitivat-chuvstvo-sobstvennogo-dostoinstva.html
  • books.bystrickaya.ru/centr-planirovaniya-semi-i-reprodukcii-otkrilsya-v-bryanske-gosduma-rf-monitoring-smi-21-23-iyunya-2008-g.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/rezultati-golosovaniya-10-chas-35-min-10-sek-a-p-torshin-predsedatelstvuyushij.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/razdel-i-nalichie-istochnikov-teplosnabzheniya-ob-utverzhdenii-statisticheskogo-instrumentariya-dlya-organizacii-federalnogo.html
  • essay.bystrickaya.ru/ekologicheskaya-situaciya-na-territorii-neneckogo-avtonomnogo-okruga-v-2010-g.html
  • institute.bystrickaya.ru/ezhekvartalnij-otchet-otkritoe-akcionernoe-obshestvo-polyus-zoloto-kod-emitenta-stranica-14.html
  • literatura.bystrickaya.ru/severnaya-vojna-i-shvedskoe-nashestvie-na-rossiyu-stranica-7.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/nejrolingvisticheskoe-rogrammirovanie-podborka-stranica-56.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/poslednyaya-rol-ranevskoj-pervaya-5-v-poiskah-radosti-5-chemu-i-u-kogo-ya-uchilsya-9.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-gse-f-01-inostrannij-yazik-anglijskij-kod-i-nazvanie-disciplini-po-uchebnomu-planu-specialnosti-stranica-11.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/vidi-mishleniya-chast-4.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/raspisanie-zanyatij-aspirantov.html
  • control.bystrickaya.ru/e-a-klimov-rassmatrival-individualnij-stil-deyatelnosti-isd-kak-svoeobraznuyu-sistemu-psihologicheskih-sredstv-k-kotorim-soznatelno-ili-stihijno-pribegaet-chelovek-v-celyah-nailuchshego-uravnoveshivaniya-svoej-in.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/urok-po-informatike-kompyuter-i-zrenie.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/razvitie-rebenka-v-doshkolnom-vozraste.html
  • nauka.bystrickaya.ru/viyavlenie-skritih-defektov-rentgenoskopiej-zashita-korpusa-ot-korrozii.html
  • nauka.bystrickaya.ru/v-m-bakusev-zam-predsedatelya-yu-v-bozhko-a-v-gofman-v-v-sapov-l-s-chibisenkov-predsedatel-perevod-s-nemeckogo-a-k-sudakova-nomer-stranici-predshestvuet-stranice-prim-skanirovshika-stranica-9.html
  • student.bystrickaya.ru/2-kultura-strani-glava-osnovnaya-informaciya-po-strane-s-2.html
  • credit.bystrickaya.ru/otchet-o-vipolnenii-osnovnih-napravlenij-razvitiya-arhivnogo-dela-v-respublike-kareliya-za-2008-god.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/specialnost-03140165-kulturologiya-sosta-vgosudarstvennih-attestacionnih-komissij-gak-s-vklyucheniem-v-nih.html
  • turn.bystrickaya.ru/pasport-vedomstvennoj-celevoj-programmi-murmanskoj-oblasti-naimenovanie-subekta-byudzhetnogo-planirovaniya-stranica-4.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tairibi-azastan-zhol-2050-br-masat-br-mdde-br-bolasha-masati.html
  • desk.bystrickaya.ru/opisanie-produkcii-v-ramkah-proekta-biznes-plan-investicionnogo-proekta-po-organizacii-proizvodstva-rozliva-vodi.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-14-tri-mushketera.html
  • lesson.bystrickaya.ru/primernaya-osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-obrazovatelnogo-uchrezhdeniya-stranica-33.html
  • urok.bystrickaya.ru/prilozhenie-5-zayavka-1-v-i-druzhinin-rektor-instituta-povisheniya-kvalifikacii-i-perepodgotovki-rabotnikov-obrazovaniya.html
  • predmet.bystrickaya.ru/sankt-peterburgskoj-gosudarstvennoj-konservatorii-im-n-a-rimskogo-korsakova.html
  • letter.bystrickaya.ru/ministerstva-inostrannih-del-respubliki-kazahstan-strategicheskij-plan-ministerstva-inostrannih-del-respubliki.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/programma-attestacionnih-ispitanij-po-napravleniyu-mezhdunarodnie-otnosheniya.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/makolkin-v-i-ovcharenko-si-vnutrennie-bolezni-uchebnik-5-e-izd-pererab-m16-i-dop-stranica-9.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-29-garri-potter-i-angeli-smerti.html
  • essay.bystrickaya.ru/doklad-o-rezultatah-stranica-4.html
  • textbook.bystrickaya.ru/grizlov-i-mironov-dogovorilis-o-vzaimodejstvii-edinorossov-i-eserov.html
  • studies.bystrickaya.ru/audit-raschetov-chast-13.html
  • abstract.bystrickaya.ru/13-mesto-kursa-v-professionalnoj-podgotovke-vipusknika-uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-teoriya-folklora-specialnost.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/regulirovanie-truda-rabotnikov-spravochnik-po-trudovomu-pravu-material-podgotovlen-s-ispolzovaniem-pravovih-aktov.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.