.RU

«Банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті

Дата22.06.2017өлшемі131.04 Kb.


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банк

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 259 қаулысымен
бекітілген

«Банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»

мемлекеттік қызметтерінің регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
(бұдан әрі – Комитет) сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы
14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген «Банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі – банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу расталатын, қағаз тасымалдауыштағы хат не қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.



5. Қызметтер көрсету барысына басқа мүдделі мемлекеттік органдар қатыспайды.


2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызметтер құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап бір ай ішінде көрсетіледі.

7. Осы мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

8. Мемлекеттік қызметтер алу үшін тұтынушыдан сұрату алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтердің нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері:

өтініш беруші мемлекеттік қызметтер алу үшін Комитетке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін жібереді;

бұл ретте құрылтай құжаттарына тазартып өшірілген не артық жазылған жерлері, сызып тасталған сөздер және өзге де айтылмаған түзетулер бар өзгерістер және толықтырулар қарастыру үшін қабылданбайды;

қажетті құжаттар пакеті кезек күтпестен құжаттарды қабылдау және тіркеу үшін уәкілетті қызметкерге тапсырылады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшікке салынады);

келіп түскен хат-хабардың мазмұны алдын ала зерделенгеннен кейін және ол тіркелген соң ол электрондық құжат айналымы шағын жүйесі арқылы Комитеттің төрағасының немесе оның орынбасарларының қабылдау бөлмелеріне беріледі;

Комитеттің басшылығы құжаттарды олар келіп түскен күні қарастырады;

құжаттар қарастырылғаннан және оларға Комитеттің басшылығы тиісті бұрыштамалар қойғаннан кейін электрондық құжат айналымы шағын жүйесіндегі және қағаз тасымалдауыштағы бұрыштама қойылған құжаттар одан әрі орындау үшін Лицензиялау департаментіне өткізіледі;

Лицензиялау департаментінің басшылығы орындаушыны белгілейді;

банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін келісім алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарды Лицензиялау департаменті қарайды, одан кейін заң бөлімшесіне жіберіледі;

заң бөлімшесінің уәкілетті қызметкері банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін келісім алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарап, банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына ескертулердің болуы/болмауы туралы тиісті хат дайындайды және оларды Лицензиялау департаментіне қайтарады;

Лицензиялау департаментінің орындаушысы заң бөлімшесінен қорытынды алғаннан кейін өтініш берушінің атына тиісті хат дайындайды;

құжаттар түскеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Лицензиялау департаментінің орындаушысы ұсынылған құжаттар бойынша келісу немесе ескертулердің болуы туралы тиісті қорытындыны өтініш берушінің атына жіберуі тиіс;

құжаттарды қараудың оң нәтижесі болған кезде орындаушы өтініш берушінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атына банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды Комитетпен келісу туралы хат дайындайды;

атына банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қоса берілген хат Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына қол қою үшін жіберіледі және қол қойылғаннан кейін банктің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды Комитетпен келісу туралы мөртабан қойылады;

банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша ескертулер болған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызметтер көрсету үшін белгіленген мерзімдерде жазбаша түрдегі дәлелді жауап беріледі;

мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне тиісті журналға қолын қойғыза отырып береді.

9. Құжаттарды қабылдауды және тіркеуді хат-хабарды қабылдау және тіркеу үшін уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға жүзеге асырады немесе құжаттар Комитеттің хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшікке салынады не почтамен жібереді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны құжаттарды қабылдау және тіркеу үшін уәкілетті 1 қызметкерді құрайды.


3. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысындағы іс-әрекеттер

(өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаты
10. Құжаттар пакетін қолма-қол тапсырған жағдайда өтініш берушінің қолына өзінің құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есеп саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша құжаттардың алынғаны туралы талон беріледі.

Талонды Комитеттің аумақтық филиалының хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы жазады.

Тұтынушы құжаттарды почтамен жіберген немесе құжаттар пакетін
хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Құжаттарды қабылдау және хат-хабарды тіркеу үшін уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға хат-хабарды тіркеуді, ашуды және электрондық құжат айналымы шағын жүйесіне қабылдауды және Комитет басшылығының қабылдау бөлмесіне өткізуді жүзеге асырады.

11. Ақпарат қауіпсіздігіне талаптар қойылмайды.

12. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіне мыналар қатысады:

1) құжаттарды қабылдау және тіркеу үшін уәкілетті
қызметкерлер – қызметтерді тұтынушы ұсынған құжаттарды оларға мөртабан қойып және нөмір беріп қабылдау және тіркеу;

2) Комитеттің басшылығы – бұрыштама қою және тиісті құжаттарға қол қою;

3) Лицензиялау департаментінің басшылығы – бұрыштама қою, құрылымдық бөлімшенің басқармасын айқындау, бұрыштама қою және тиісті құжаттарға қол қою;

4) Лицензиялау департаментінің қызметкерлері – өтініш беруші ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қарау және банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісуге дайындау;

5) заң бөлімшесінің басшысы – тиісті бұрыштама қою, құрылымдық бөлімшенің тиісті басқармасын айқындау, құжаттарды келісу;

6) заң бөлімшесінің қызметкері – ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін талдау.

13. Комитеттің әрбір құрылымдық бөлімшесінің әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) жүйелігінің және өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетіле отырып, осы Регламенттің 1-қосымшасында берілген.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды жүйелігі Комитеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2-қосымшасында берілген.

15. Өтініш берушінің атына жазылатын хат еркін нысанда жасалады.

16. Өтініш беруші осы мемлекеттік қызметтер көрсету барысы туралы ақпаратты Лицензиялау департаментінің хатшысынан 8 (727) 2788 008 телефон арқылы алуға болады.



4. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды

тұлғалардың жауапкершілігі
17. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында қабылдайтын шешімдері және әрекеті (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

18. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпаратты сақтауды, қорғауды конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.

«Банктің құрылтай құжаттарына

енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды

келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламентіне



1-ҚОСЫМША

1-кесте. Іс-әрекеттердің сипаты

Банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу

мемлекеттік қызметтерінің регламенті





Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) іс-әрекеті




1

Іс-әрекеттің (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2


3

4

5

6

7

2

ҚФБ атауы

құжаттарды қабылдау және тіркеу үшін уәкілетті қызметкер

Комитет төрағасы орынбасарының немесе Комитеттің тиісті бөлімшесі басшысының қабылдау бөлмесі

Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысы

Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері (орындаушысы)

Комитеттің заң бөлімшесінің басшысы және уәкілетті қызметкері

Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасары

Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесі

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаты

тұтынушы ұсынған құжаттарды оларға мөртабан қойып және нөмір беріп қабылдау және тіркеу. Электрондық құжат айналымы шағын жүйесінде тіркеу

Құжаттардың мазмұнымен танысу және оларға басшылықтың электрондық құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауыш-та бұрыштама қоюы және Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесіне жіберу.

Құжаттарды тиісті құрылымдық бөлімше басшысының қарауы және орындаушыға тапсыру

Жауапты бөлімше орындаушысының құжаттардың заңнамаға сәйкес келуін қарауы, толық болуын тексеруі және заң бөлімшесіне келісу үшін жіберу


Құжаттарды келісу және жауапты бөлімшеге қайтару


Құжаттар-дың орында-луының негіз-ділігін тексеру және электрондық құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдау-ышта бұрыштама қою.

Құжаттарға мөр қою



4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Тұтынушы ұсынған пакетті Комитетке өткізу

Құжаттарды тиісті жауапты бөлімшеге өткізу

Түскен құжаттарды жауапты бөлімшенің басқармасына өткізу

Заң бөлімшесіне өткізу


Тиісті жауапты бөлімшеге қайтару


Құжаттар-ды тиісті жауапты бөлімшеге өткізу


Дайын құжатты тіркеу және тұтынушыға өткізу

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

3 жұмыс күні

10 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

6

Келесі іс-әрекет нөмірі

2-баған.

3-баған

4-баған

5-баған

6-баған

7-баған.

8-баған


1-кестенің жалғасы


1

Іс-әрекеттің (жұмыстар барысының, ағынының) №

8

9


10

2

ҚФБ атауы

тиісті құрылымдық бөлімше

Құжаттарды қабылдау және тіркеу үшін уәкілетті қызметкер

Құжаттарды қабылдау және тіркеу үшін уәкілетті қызметкер

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаты

Дайын құжатты тіркеу және мөр қою, құжаттарды қабылдау және тіркеу үшін уәкілетті қызметкерге құжаттарды жіберу

Құжаттарды тіркеу, мекенжайлар мен қосымшаларды тексеру. Құжаттарды көрсетілген мекенжайға почтамен жіберу.

Дайын құжаттарды беру (1 күн ішінде өтініш беруге қарай)

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Құжаттарды қабылдау және тіркеу үшін уәкілетті қызметкерге құжаттарды жіберу

Құжаттарды көрсетілген мекенжайға почтамен жіберу.


Дайын құжатты тұтынушыға беру.


5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні


1 жұмыс күні


1 жұмыс күні

6

Келесі іс-әрекет нөмірі

9-баған.

10-баған

1 жұмыс күні

«Банктің құрылтай құжаттарына

енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды

келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

2-ҚОСЫМША

Функционалдық өзара іс-әрекет схемасы

Банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу бойынша мемлекеттік қызметтерінің регламенті

3. тиісті құрылымдық бөлімше

Түскен құжаттарды тексеру және құжаттарды жауапты басқармаға өткізу

(1 жұмыс күні)


4. тиісті құрылымдық бөлімшенің жауапты басқармасы

Жауапты бөлімше орындаушысының құжаттардың заңнамаға сәйкес келуін қарауы, толық болуын тексеруі және заң бөлімшесіне келісу үшін жіберу

(3 жұмыс күні)

    









- +


6. тиісті құрылымдық бөлімшенің жауапты басқармасы

орындалған құжаттың орындалу сапасын тексеру және бұрыштама қою және Төрағаның/Төраға орынбасарының қабылдау бөлмесіне жіберу

(1 жұмыс күні)




















8. тиісті құрылымдық бөлімшенің жауапты басқармасы.

Дайын құжатты тіркеу және мөр қою, құжаттарды әкімшілік-шаруашылық бөлімшеге жіберу.



(1 жұмыс күні)







Достарыңызбен бөлісу:

astrosejsmologiya-ili-kak-prognozirovat-zemletryaseniya.html
asu-audani-kmdgn-reglament-zhalpi-erezheler.html
asus-agp-v3800-na-chipe-nvidia-riva-tnt2-referat-po-discipline-osnovi-programmirovaniya-i-algoritmicheskie-yaziki.html
asya-umanskaya-zasedanie-kafedri.html
at-majmakov-m-v-avdeenko-3-d-t-aribzhanov-7-o-n-asadchikova-11-e-v-belyaeva-16-o-a-beher-17-.html
at-the-doctors.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/vederko-arhimeda.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/sistemi-podachi-szhatogo-vozduha-dlya-organizacii-respiratornoj-zashiti-na-proizvodstve-chast-2.html
  • pisat.bystrickaya.ru/trihofitiya-infiltrativnonagnoitelnaya-o-l-ivanov-kozhnie-i-venericheskie-bolezni.html
  • thescience.bystrickaya.ru/kalendarnij-plan-uchebnih-zanyatij-po-biohimii-polosti-rta-na-ii-semestr-20092010-uchebnogo-goda-po-specialnosti-stomatologiya-2-kurs.html
  • studies.bystrickaya.ru/d-v-rishenko-videlyaet-tri-oblasti-trebuyushie-postoyannogo-kontrolya-so-storoni-predpriyatiya-obshee-sostoyanie-rinka-nomenklatura-tovara-kolichestvo-proizvoditelej-i-prodavcov-ceni-i-obemi-sdelok-po-gruppam-tovarov.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-specialnost-080507-menedzhment-organizacii-moskva-2009.html
  • bukva.bystrickaya.ru/tema-6uchastniki-arbitrazhnogo-processa-zadachi-i-funkcii-arbitrazhnih-sudov-8-tema-2-8-ponyatie-arbitrazhnogo-processa.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/prilozhenie-2--uprazhneniya-na-razvitie-operacij-mishleniya-referat-oglavlenie.html
  • urok.bystrickaya.ru/prilozheniya-krivushin-iv-sokrat-sholastik-i-ego-cerkovnaya-socratis-scholastici.html
  • znanie.bystrickaya.ru/analiz-finansovogo-sostoyaniya-organizacii.html
  • kanikulyi.bystrickaya.ru/yu-v-pilnev-voronezhskaya-gubernskaya-1-ya-muzhskaya-gimnaziya-stranica-3.html
  • exam.bystrickaya.ru/vipusk-cennih-bumag-kommercheskim-bankom-chast-2.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/vii-kolesnica-avtori-idei-n-krajner-gala-rubinshtejn-maks-fraj-koordinator-orakul-sostavitel.html
  • abstract.bystrickaya.ru/3-proizvodstvo-izdelij-pressovaniem-a-a-akimov-hudozhestvennij-redaktor.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/programma-i-metodicheskie-ukazaniya-po-discipline-mirovaya-ekonomika-dlya-slushatelej-zaochnogo-otdeleniya-i-eksternaturi-obsuzhdena-i-rekomendovana.html
  • lecture.bystrickaya.ru/4215-rabota-s-vrednimi-i-ili-opasnimi-i-inimi-informacionnij-byulleten-334-tvoe-pravo-uchitel-tyumen-sentyabr-2010-goda.html
  • klass.bystrickaya.ru/411-obrasheniya-v-memorial-s-prosboj-obespechit-bezopasnost-nezakonnoe-zaderzhanie-i-pitki-magomeda-ausheva.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-24-illyuminati-drevnij-tainstvennij-orden-proslavivshijsya-v-srednie-veka-yarostnoj-borboj-s-oficialnoj-cerkovyu.html
  • literature.bystrickaya.ru/chernie-mini-diri-michio-kaku-parallelnie-miri-sofiya-2-0-0-8-ob-ustrojstve-mirozdaniya-visshih-izmereniyah-i-bulushem-kosmosa.html
  • urok.bystrickaya.ru/prilozhenie-24-protokol-osmotra-trupa-2575-karpova-as-regionalnaya-obshestvennaya-organizaciya-sodejstviya-zashite.html
  • doklad.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kabinet-obzh-i-zdorovesberegayushie-tehnologii-v-obrazovatelnom-processe.html
  • books.bystrickaya.ru/eksperiment-v-psiholog.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/raspisanie-zanyatij-studentov-instituta-sokrashennih-programm-zaochnoj-formi-obucheniya.html
  • bukva.bystrickaya.ru/processi-globalizacii-v-ekonomike.html
  • education.bystrickaya.ru/12-programmnaya-realizaciya-algoritma-upravleniya.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/elektrolitnaya-obrabotka-polosi-chast-5.html
  • bystrickaya.ru/vnutrennij-kontrol.html
  • assessments.bystrickaya.ru/doklad-sitnikova-igorya-semenovicha.html
  • turn.bystrickaya.ru/organizaciya-pitaniya-obespechenie-bezopasnosti-publichnij-otchet-municipalnogo-obsheobrazovatelnogo-uchrezhdeniya-karatuzskaya.html
  • essay.bystrickaya.ru/doris-mortman-true-colors-1994.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/pourochnoe-planirovanie-uchebnoj-programmi-obzh-11-klass-programma-po-kursu-osnovi-bezopasnosti-i-zhiznedeyatelnosti.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-9-shulc-d-p-shulc-e-s.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/metodicheskie-rekomendacii-po-podgotovke-oformleniyu-i-zashite-magisterskoj-dissertacii.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/kievskaya-rus-i-feodalnaya-razdroblennost.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-po-koncepciyam-sovremennogo-estestvoznaniya-discipline-dlya-specialnosti-080105-finansi-i-kredit.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.